Төбеттердің бауырластығы
Төбеттердің бауырластығы

Ертеректе бір аулада екі ит өмір сүріпті, үлкені Мойнақ кішісі Ақтөс. Бір күні екеуі көлеңкеде әңгімелесіп жатыр екен. Кішісі Мойнаққа, “ау, Мәке ! сіздеген неткен кереметсіз! Асыл ағам, сізсіз өмір өмір емес”- десе, Мәкең “ойбай, сен үшін жанымды беруге дайынмын, інім.Бауырым, өле өлгенше бауыр болып өтеміз” деп екеуі кәдімгідей әмпей-жәмпей болым жатқан жайлары бар екен. Сыртан қараған адам сүйсінетіндей жағдай. Біршама уақыт өткенде асхана жақтан бәйбішенің қарасы көрінді. Жақындап келді де қолындағы жілікті екі “бауыр” жатқан жаққа қарай лақтырып кеп жіберді. Сол ақ екен, ал кеп екі бауырмыз деген екі төбет сүйекке таласпасы барма, екеуіде қанжоса, бір-бірін айайтын түрі жоқ .Айқай шудан үйдегі кісілер де үдере түрегеліп төбеттер тарапқа жүгіре жөнелді. Су шашып, таяқпен сабап жүріп әрең дегенде ажыратып алды.

Неменеге ит жайлы әңгіме айтып кетті деп жазғырмаңыздар. Әр бір нәрседен ғибрат ал деген қағидаға сүйеніп айтылып жатқан дүниеғой. Жарайды бұлар хайуандарғой деп жылы жаба салуға да болар еді. Бірақ кейде осы секілді оқиғаларды адамдар арасында да байқап жатамыз. Тіпті өз басымыздан да өткерген болуымыз мүмкін.Қарапайым ғана мысал, кейде достардың арасына допты(футбол) лақтырып кеп жіберсең, төбет секілді бір бірін қан жоса етіп дене жарақатын жасамаса да ауыр сөз айтып жүрек жарақаттап жатамыз. Сонда бізде хайуан секілді төмендегенімізбе деген ойға қаласың еріксіз. Ойланатын жағдай екен я жақсылар! Жақсылыққа жанастыратын, жамандықтан адастыратын Адал достарымыз көп болсын ағайын.

Айнабек СыдықовАйнабек Сыдықов
8 лет назад 3079
0 комментариев
О блоге