Жүректі жылатқан қиялдағы есік.
Жүректі жылатқан қиялдағы есік.

Достарымызбен қаламызда қоғамдық қор ұйымдастырған әлеуметтік аз қамтылған және мұқтаж жан-ұяларға көмір тарату шарасына қатысуды ұйғардық. Күндерден жексенбі еді ,көмір түсірілген орынға жиналым , тиісті нұсқауларымызды алып жүк көлігне көмір тиеп жолға шықтық.Өзіміз жеңіл көлікте ал жүк тиелген көлік артымыздан келетін болды. Біз жеңіл көлікте болғаннан соң белгіленген мекен жайға ертерек жеттік. Алдымызда ешқандай қоршаусыз, бір бұрышы жарылған екі бөлмелі ескі үй тұрды Аулада жұпыны киінген 2-3 жас аралығындағы қыз бала ойнап отырған. Бүлдіршінді әңгімеге тарттық .Кішкене әңгімеден соң мен көлік жаққа кеттімде жолдас жігіт сол арада қалған. Екеу ара болған әңгімені сол жігіттің өз аузынан тыңдасақ.

Бүлдіршіннің көңілін аулап топырақтан мынау әкеңе ,мынау анаңа, ағана , өзіне деп бірнеше үйшік салып бердім. Періште қыздың көңіліде көтерілгендей болды. Армандарымен бөлісейін деп сұрақ қоя бастадым .Өскенде кім боласың деген секілді .Бір сәт өскенде мол табыс табасың, үлкен үйлер саласың кәне балақай алғашқы табысыңа не аласың дедім. Жауап мен күтгендей болмады. Кіршіксіз көңілді періште бүлдіршін бірінші табысына есік алатынын айтты. Баланы үркітпейін деп жәй бұрылып үй тарапқа қарадым .Жүрегіме біреу біз сұққандай болды. Үй есіксіз екен. Еріксіз көзге жас келді.

 

Кейде достарымыз әлеуметтік шараларға қатысайық, қайырымдылық жасайық десе қиналамыз. Себебін енде түсінгендей болдым “Есіктілер” есіксіздің мұңын қайдан ұқсын!

Айнабек, Шымкент.

Айнабек СыдықовАйнабек Сыдықов
8 лет назад 3190
0 комментариев
О блоге