Ең қауіпті Ұры!
Ең қауіпті Ұры!

Соңғы кездері месенжерлер, соның ішінде “WatsUp” қарқынды дамып, үлкен қолдансқа ие болып отыр. Ол арқылы барлығымызға, әртүрлі сарындағы текс, аудио, видео материалдар үстін-үстін толассыз келіп жатады, және де бір материал бірнеше адамнан қатар келетіні тағы бар. Саралап қарасақ, олардың пайдалысынан пайдасызы, зияндысы әлдеқайда көп екенін байқаймыз, зияны шаш етектен. Ендеше сол зияндардын бірнешеуіне қысқаша тоқталып өтсек:

 

  1. Уақыт. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Екі нығмет бар, адамдардың көбі оның қадірін білмейді. Ол – денсаулық пен бос уақыт» Бұл тізімде алғашқы орында уақытты босқа сарп ету, нақтырағы адам баласы үшін ең құнды болып саналатын уақытты ұрлау тұрады. Бұл жерде өз уақатын ғана емес, өзгелердің де уақытын ұрлап жатқанымыздың бағамдауымыз керек. Малын, затын алсаң амалдап қайтарып беруге болар-ау, ал ұрлап алған уақытын ешқашан қайтарып бере алмаймыз. Демек ең қауіпті ұрлық-уақыт ұрлау!
  2. Келетін жазбалар көп жағдайда бос, жалған немесе арандатушы болып келеді. Бұл онсыз да аз энергияны босқа шығындап, шаршап-шалдығып ашуланшақ болып, жан-жағыңмен ұрысып, тіпті күйзеліске дейін алып баруы мүмкін екен.
  3. Алып жатқан мәліметтердің көз алдыңызда үлкен жылдамдықта өзгеріп отыруы ми жұмысын, оның ішінде жады (память) жұмысын бұзады.
  4. Үнемі телефонға телмірудің денсаулыққа қаншалықты зиянды екенін айтпаған адам кем де кем шығар...
  5. Телефон үніне үнемі елеңдеу концентрацияны бұзып, жүйелі жұмыс жасауға жол бермейді.

Санай берсек тағы біраз нәрсе жазуға болады. Жоғарды жазғандардың әрбіріне дәлел келтіріп жатуды да қажет деп санамадық, онсыз да түсінікті дүниелер. Мақсат белгілі жәйттерді өзіміздің есімізге бір түсіріп кету ғана.

Дегенмен, өз уақытым өзімдікі қалай жұмсайтынымды өзім білемін деуіміз мүмкін. Иә, өз уақытмызға өзіміз жауап береміз, бірақ өзгенің уақытын ұрлаудан барынша сақтанайық дегенді айтқымыз келгені... 

 

Сыдықов Айнабек

Шымкент.

Айнабек СыдықовАйнабек Сыдықов
6 лет назад 2753
0 комментариев
О блоге